М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
JasoonVORheeZ
JasoonVORheeZ
09.01.2022 23:02 •  Қазақ тiлi

Берілген суреттерді қатыстырып, «ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында диалог құрастырыңыз. жастар және қарттар мәселесін көтеріңіз. сөйлеңіз және тыңдаңыз. «сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз

👇
Открыть все ответы
Ответ:
GetMaths
GetMaths
09.01.2022
Шаршы топ алдында сөз бастау, сөйлеу әрине оңай емес. Мен алдымен тіл туралы сіздерге өз ойымды айтқым келеді. Дене мүшелерінде ең жеңіл қозғалатын тіл. Сондай ақ адам мүшелерінің ішінде ең пайдалысы да, ең залалдысы да тіл. Әсем сөзбен арадағы дұшпандықты жоя аласың, асыра сөйлеп, жан досыңнан айрылуыңда мүмкін. міне тіл арқылы жеткізетін сөздің құдіреті. Мен бүгін сол тілдің жақсы сөйлегендегі құдіреті туралы айтпақпын. Мысалы: дәрігер науқас адаммен алдына келгенде оның дертіне шипа табылатынын, оған оның сенуі керек екенін, жылы және қарапайым түсінікті сөзбен жеткізсе, науқас түзеле бастайды, ал, түбінде ауруыңыздың емі жоқ, бара беріңіз десе науқас дерттен емес құсадан қайтыс болар еді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде де, егер балаға күнделікті жылы сөйлеп, сыйластық танытсаң, бала ұстамды, түсінігі бар болып өседі, ал күнде сен адам болмайсың деп айқайлап отырсаң, ол сәбиден жақсы адам шығуы екі талай.   Міне, тілдің құдіреті, тілдің адам сезіміне әсер етуші құрал екендігінің дәлелі. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
4,4(20 оценок)
Ответ:
nikakri14
nikakri14
09.01.2022

4.Қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры - ХIXғасыр жыраулар мен сал - серілердің ,ақын - әншілердің өнерлерінің өркендеген кезеңі.Халқымыздың асыл қазынары ғасырдан ғасырдан өтіп бізге жетті.Біржан сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,Балуан Шолаұ,Естай т.б. сол ғасырдың бір туар тұлғалары.Бұл ақындар өздерінің сөз құдіретін пайдаланып сол замандағы ел мен жерге,сүйген жарға деген сүйіспеншілігін,сол қоғамға деген ашу -ызаларын өлең - ән арқылы білдірген.Халқымыз сол кездегі ақын - әншілерді еркелетіп,сал - сері деп атаған.Ақын - серілер әндерінде сұлулар,ғашықтықты көптеп жырлаған.Олардың дені аруларды аялап,жақсыны дәріптеу негізінде жазылған.Сал -серілер өлеңдерін ару қызға арнағанда табиғаттағы сұлулықты теңей суреттеген.Мысалы:аққу,лашын,бұлбұл құсқа,маралға,гүлге теңеп,олардың өз ерекшеліктерін айқын аша білген.Ақан серінің "Жайықтың ақ түлкісі", "Ақ көйлек" өлеңдерінде көрсе көз сүріндірер сұлуиқазақ қыздарын суреттеген.Мысалы:

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,

Алдымен сен бір қашқан маралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп,

Жаудырап екі көзің отырасың,

Тұндырған шәй секілді құмандағы,- деп суреттеген.Ежелгі серілер қазақ қызының инабаттылығын ерекше атап айтқан.Қыз жүрісінен оның тәрбиелілігін аңғарып,тыйым салып өсірген қыздың ұяңдығын,мінезін ашып бинелеген.Ақша маңдай,перизат,оймақ ауыз, сумбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай,-деген теңеулерді әсем қолдана білген.Ақындар сол замандағы бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының мұңы мен мүддесінде жырлай білген.Мысалы :Жаяу Мұсаның "Әйелдер сипаты" өлеңінде қазақ әйелінің сипатын қайғы - қасіретпен,мұңын айта келе әйелді сыйлауға,бағалауға шақырады.

Гүл жүзді,сырлы көзді жақсы қатын,

Әйелді сыйлау керек ескеріп біз.

Оларға айту керек орынды сөз,

Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң,

Шығып кете жаздайды бойыңнан жан,-деп жырлаған.Сал - серілердің әсем әндері ғасыр аралап,қазақ қызының сұлулығын,тәрбиесін дәріптеп бізгежеткізді.

5.Салт - дәстүр әр халықтың өзіндік ерекшелігі,рухани байлығы.Саяхатқа шыққан әрбір саяхатшы жолға шыққанда барар елінің салт - дәстүрін білгені дұрыс.Бөтен елде салт -дәстүрін не басқа нәрсесін білмей бұзып, ыңғайсыз жағдайға душар болмаудың қамын істеген дұрыс.Саяхаттайтын елдің заңын,салт - дәстүрін білу міндетті себебі өз еліңдегі заңға,салт - дәстүрге ол жақтығы сәйкес келмеуі мүмкін.Жүре берсең көре бересің дегендей әр елдің салты әр түрлі.Тіпті заңдарыда қызықты көрінеді. Мысалы, Сингапурда сағыз шайнауға тыйым салынған.Әр елдің салты басқа,иттері ала қасқа,- деп атам қазақ айтпақшы,қанша халық болса сонша салт - дәстүр бар.Сауд арабиясы мен Иранға саяхатқа шықсаңыз ашық - шашық киінуге,әйел заты орамалсыз болмайды.Бұл мемлекеттер мұсылмандар мемлекеті болғандықтан ішімдік,доңыз терісінен істелген заттардыда сыйлыққа таратуға мүлде болмайды.Гүл сыйлағандада қандай гүл,неше тал екендігіне көңіл аудара біліңіз.Мысалы,Қытайда тірі гүлдерді мүлде сыйламайды екен.Саяхатқа шыққан адам барған елінің заңын,салт дәстүрін сыйлағаны дұрыс.Шетелге шыққанда заң мен салт -дәстүрінен басқа ол ел бейбітшілік,тынышпа соныда білген дұрыс.Саяхатшы саяхатыңыз көңілді өтсін.

8.Астана - тәуелсіздік жемісі.

Қазақ елін ел мен жер тағдыры үнемі елеңдетіп келеді.Себебі біздің болашақ ұрпаққа ұстатар мұрамыз бен байлығымыз еліміз бен жеріміз.Тәуелсіздік алғалы елімізде қаншама жақсы жаңалықтар болды.Солардың елеулісі тәуелсіздігіміздің тәтті жемісі - Астана қаласы.Қаланың сұлулығы бар адамды таңқалдырады.Кең дариға далада Есіл,Нұра өзендерімен,сұлу қала Астана алыстан көз тартады.Астана қазақ үшін - салтанаттың қаласы.Астана - әлемдік іскерліктің байланыстың күре тамыры.Астана - елбасының ізгі саясаты,көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі.Астанамыздың керегесі мықты,шаңырағы биік.Азиядағы ең европалық қалалардың біріне айналған қала.Астана - өскелең қала.2001 жылы " Астана жаңа қала" деген экономикалық аймағы құрылып,Есілдің сол жағалауына жаңа құрылыстар салынды.Көшелері тап -тұйнақтай,қазақ даналарының атымен аталады.Астананың өркендеуі - еліміздің өркендеуі.Келер ұрпақтың болашағына Астана қаламыз өсіп -өркендей берсін.Астана өркендесе қазақ халқым,елім өркендейді.Келешегі жарқын болып,тәуелсіз елімнің тәтті жемісі,халқымның ақ ордасы Астанам көркейіп,биіктерден көріне бер!

4,6(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ