М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
123478101934
123478101934
13.01.2023 08:19 •  Қазақ тiлi

Составить предложения с ма,ме,ба,бе,па,пе. по казахскому языку

👇
Ответ:
слава499
слава499
13.01.2023
, Кəзіргі ай Қараша ма?.мына қалам менікі ме?. Сен мектепке бардың ба?, Мектептең келдің бе?.Үйді шаңдатпа?.Менің дəрімді іш пе.
4,5(65 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ник5045
ник5045
13.01.2023

Менің атым – Мария. Менің жасым он үште. Мен он тоғызыншы мектептің сегізінші сыныбында оқимын. Мен түрлі шытырман оқиғалы және драма фильмдерін көргенді ұнатамын. Менің сүйікті фильмім – «Терабитияға көпір» (ағылшынша  «Bridge to Terabithia») – бұл отбасылық драма фильмінің премьерасы 2007 жылдың ақпан айында АҚШ – та болды. Фильм режиссёрі – Габор Чупа, продюсері – Дэвид Патерсон. Басты рөлдерде - Джош Хатчерсон, Аннасофия Робб, Роберт Патрик, Бэйли Мэдисон, Зоуи Дешанель. Фильмнің ұзақтығы 90 минут.

Бұл – терең мағыналы фильм. Бұл фильмнің басты идеясы – ғажайыптарға сене білу керек. Тіпті ең қайғы басқан, жабырқаңқы баланың өмірі бір сәтте ең көңілді және жарқын болуы мүмкін, сенің байлығың немесе кедейлігің, апа – ағаларыңның саны немесе отбасыңның жағдайы маңызды емес, ең бастысы өзіңнің қандай екенің маңызды.

Джесс есімді бала қарапайым бай емес отбасынан шыққан. Жолдастары жоқ еді. Басқа адамдар сияқты өзінің кемшіліктері де бар еді. Отбасының көп ақшасы жоқ болды, олар миллиардер емес еді. Ол қарапайым мектепте оқитын. Күндердің күнінде Лесли есімді қыз келді. Джесс бұрын өте жабырқаңқы, ғажайыптарға сенбейтін еді, ал Лесли келісімен оның өмірі түбегейлі өзгеріп, жарқын, әрі көңілді өмірі көңілсіз өмірін алмастырды. Лесли өте арманшыл болатын, қиялдағанды жақсы көретін және Джессті де осындай болуға үйретті. Шамалы уақыт өткен соң, жазатайым оқиғадан Лесли қайтыс болды. Джесс бұған сене алмады, ешкімге де сенбеді, өте қатты қорықты. Бірақ, менің ойымша, ол Леслидің өлімінен емес, бұрынғы өмірі қайтып келетініне қорықты. Бірақ бұл өмір соқпағын жеңе білді. Оған кішкене қарындасы көмектесті.

Маған бұл фильм өте қатты ұнады. Мен бұл фильмді бүкіл әлемге көруге кеңес берер едім, бұл фильм туралы қайта – қайта айта беруге дайынмын.

Менің ойымша, ғажайыпқа сене білу керек, сонда ғана ол орын алады.

4,4(13 оценок)
Ответ:
anigrigoryan01
anigrigoryan01
13.01.2023
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстіртіарқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік жәнеОрталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу,Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Балқаш-Алакөл көлдер жүйесінеҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
4,5(76 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ