Құндыз-түбір сөз;ақыл-түбірі (зат есім),+ды - есімнен сөз тудырушы жұрнақ;жануар-түбір сөз (зат есім).
Олар - көптік жалғауында тұрған жіктеу есімдігі;су-түбірі (зат есім),+ды - табыс септігінің жалғауы;бөге - түбірі (етістік),+п - көсемше жұрнағы;тоған-түбірі (зат есім),+дар - көптік жалғауы;жаса - түбірі (етістік),+п - көсемше жұрнағы;өз(і) - түбірі (өздік есімдігі),+дер - көптік жалғауы,не - барыс септігі жалғауы;жылы - түбірі (сын есім);үй - түбір сөз (зат есім);сал - түбірі (етістік),+а - көсемше жұрнағы,+ды - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Үй - түбірі (зат есім),+нің - ілік септігі жалғауы;төбе - түбірі (зат есім),+сі - тәуелдік жалғауының үшінші жағы;су - түбірі (зат есім),+дан - шығыс септігі жалғауы;шығ(қ) - түбірі (етістік),+ып - көсемше жұрнағы;үст - түбірі (көмекші есім),+ің - тәуелдік жалғауының екінші жағы,+гі - есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ;жағ(қ) - түбірі (зат есім),+ы - тәуелдік жалғауының үшінші жағы;су - түбірі (зат есім),+да - жатыс септігі жалғауы;тұр - түбірі (етістік),+а - көсемше жұрнағы,+ды - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Адам - түбірі (зат есім),+дар - көптік жалғауы;сияқты - шылау;бір - түбірі (сан есім),+лес - есімдерден етістік жасайтын жұрнақ,+е - көсемше жұрнағы;еңбек - түбір сөз (зат есім);+е - түбірі (көмекші етістік),+т - өзгелік етіс жұрнағы,+е - көсемше,+ді - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Кейде - түбір сөз (үстеу);өзара - (сын есім);үн - түбірі (зат есім),+де - есімдерден етістік тудыратын жұрнақ,+с - ортақ етіс жұрнағы,+е - көсемше жұрнағы,+ді - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Қыс - түбірі (зат есім),+қа - барыс септігі жалғауы;қорек - түбір сөз (зат есім);жина - түбірі (етістік),+й - көсемше жұрнағы,+ды - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Менің күн тәртібім
Менің орныққан күн тәртібім бар. Барлық көздеген шаруамды істеп үлгеру үшін мен күн тәртібімді бұзбауға тырысамын. Сонымен менің қысқаша күн тәртібіме тоқтала кетсек. Мен күнделікті сағат жетіде тұрамын. Тұрғаннан соң, алдымен төсегімді жинап, беті - қолымды жуамын. Содан кейін ата - анаммен таңғы ас ішемін де, киінемін. Киініп болған соң, шашымды тарап, сырт киімімді киіп, мектепке кетемін. Мектеп үйдің жанында болғандықтан, мектепке жаяу барамын. Сағат сегізде сабақ басталады. Күнделікті жеті сабақ оқимыз. Сағат бір жарымда сабақ аяқталып, үйге қайтамын. Үйге келгеннен кейін, киімімді ауыстырып, қол жуып, түскі ас ішемін. Сонан соң ас үйді жинастырып, сабақ оқуға кірісемін. Сабақ оқуға шамамен екі сағаттай уақытым кетеді. Одан кейін інімді балабақшадан алып келіп, кешкі ас әзірлеуге кірісемін. Ата - анам жұмыстан келген соң, бәріміз бірге кешкі ас ішеміз. Содан соң, анама ас үйді жинауға көмектесіп, одан кейінгі бос уақытымды өз қалауымша өткіземін: не теледидар көремін, немесе кітап оқимын, болмаса әлеуметтік желіде отырамын. Ақырында сағат он бірде түнгі ұйқыға кетемін.
Ал демалыс күндері сәл өзгешелеу: Сабақтың орнына үйді жинастырып, атам мен әжеме барамыз. Айына бір рет ата - анаммен дүкенге барып, азық - түлік не болмаса басқа керек - жарақтарды аламыз.