Ұлттық құндылықтар
Объяснение:
Бізге өткен тарихты білу, болашаққа бастайтын бір жол. Адамзат өмірінде тәрбиесіз алған білім ешқашан пайда әкелмейтіні белгілі. Қазіргі уақытта білім көзін іздеу үшін жастарымыз шет елдерге ағылып жатыр. Қанша жас өз ұлтына пайдасын тигізу үшін алға ұмтылуда! Алайда өзіміздің «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ» алыстап бара жатқаны өкінішті. Біз жастар өз еліміздің патриоты ретінде тарихи орындарымызды білуіміз қажет. Ұлттық құндылық дегеніміз ұлттың бір ортада, бір мүддеде жұмыс жасауы.
Ұлттық тәрбиесінің мақсаты — жастарды ауызбіршілікке шақыру, қазақ тілі мен тарихын, ұлттық рух пен патриотизмді ұлықтау.
Ұлттық тәрбиенің міндеті — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Соның ішінде Оңтүстік шахарының тарихи, аңызболған орындарына тоқталуды жөн көрдім.
эссе:
Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі.Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты іс-шара Елбасымыздың тіл туралы саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Объяснение:
мақал:
1)Тіл - достықтың алтын көпірі.
2)Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
3)Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
4)Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
5)Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
6)Тіл ақылдың - өлшемі
7)Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Қазақстанның табиғаты өте ғажап, тамаша!
Жалаңаш тауына шығып көрсеңіз, қандай керемет,әсем! Биік – биік қарағайлар мен шыршаларға көз тоймайды. Таудың баурайы толған қойбүлдірген. Ал етегіндегі ағып жатқан Жалаңаштың мұздай суы бал татиды, әрі шөліңді қандырады.
Бала – шаға шуылдап, жайқалған бүлдіргендерді теріп жеп, бір серігіп қалады екен.
Нағыз демалыс деген табиғат аясы ғой. Мөлдір бұлақтың басында, қарағай мен шыршалардың арасында , таудың етегінде дәмді дастархан жайып демалып жатқанға не жетсін. Жазғы демалыста табиғат бесігіне бөленіп, саяхат жасаған денсаулықтың басты кепілі. Сондықтан да, табиғатымызды таза ұстап, денімізге саулық тілейік.