Күзде қандай құстар жылы жаққа ушады, ал қайсылары қалады? Күзде қандай жеміс жидектер піседі? Күз мезгілі жəйлі қандай өлең шумақтарын білесің? Күз мезгілін туралы қандай теңеумен білесің?
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша түрлі өсімдіктер, Барлығын билеп тұрған анасы бар. /Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.
Бір "әліп” мұнарадай көзім көрген, Екі "мәт”, екі "сәкін” оған ерген. Болғанда "иа”ден камал, нұрдан гауһар, Болады кім данышпан мұны білген. /Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/.
Бір қария жерде де емес, көкте де емес, Болғанда түбі терең, аузы кемеш. Ішіне ит түссе де арам емес. /Көз/.
Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді. /Көз/.
Алпыс кісі аяқтасты, Ертеменен таяқтасты. /Кірпік/.
Бір "әліп” мұнарадай көзім көрген, Екі "мәт”, екі "сәкін” оған ерген. Болғанда "иа”ден камал, нұрдан гауһар, Болады кім данышпан мұны білген. /Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/.
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша түрлі өсімдіктер, Барлығын билеп тұрған анасы бар. /Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.
Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан, Он екі бұлағы бар шыр айналған. Ісіне таң қаламын құдіреттің, Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған. /Алпыс екі тамыр, он екі мүше/.