Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етеді.
Осы мәтін боладыма?
Біздің үлкен ыңғайлы үйімізде алты адам тұрады. Мен, ата-анам, ағам, інім, әжем. Бізге жылылықты, ыңғайлылықты анам жасайды, оның аты жөні, Ләззат Кабиевна. Ол тамаша адам, бәрімізді сүйеді, бәрімізге қамқор болады. Бәріміз бірге фитнеске барғанды, үйдегілерге тәтті тағам дайындағанды, сырларымызбен бөліскенді ұнатамыз.
Әкем өте мейрімді, кітап оқығанды ұнатады: күні бойы оқи алады. Бірақ бізге де уақыт бөледі, еркелетеді, әсіресе Рахошты (кішкене інім). Ол он бір жаста. Рахымжан тенниспен айналысады.. Ол бесінші сыныпта оқиды. Інім менімен жиі ерегіседі, бірақ осыған қарамай маған онымен уақыт өткізген қызықты. Ағам Бауыржан, ол жиырмада, үйде сирек болады, Америкада оқиды. Біз оны қатты сағынамыз. Әжем, әкемнің анасы қонаққа барғанды ұнатады, сондықтан ол үйде көбіне бола бермейді. Өскенде менде оған ұқсайтын боламын,- деп ойлаймын, себебі ол көпшіл, көңілді, өмірді сүйеді.
Міне, осындай тату, көңілді, бақытты отбасымыз. Мен отбасымды өте сүйемін.