Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!Қан жуады олардың ізін әлі.Көргеннен-ақ мылтықтыМенің үшінДүниенің дидары бұзылады. Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық! Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға! Қырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.Жиһан қамын жамылып жоқтау керекЖердің өзі жоғалмай тұрған кезде! Ми дарымай,Біреуге пұл дарыған,Аямайды пұлын ол ұлдарынан.Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардыңҚымбат емес кейбірі былғарыдан! Аңдар бастан кешкенді –Дала кешпек.Тарих мұңын Ертеңге ала көшпек.Еліне де,Ерге де пайдасы жоқЕшкі қыздың үстінде лама бешпент. Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,Қара жердің жотасы алаулайды.Орта ғасыр өткенменКейбір елдеАдамдарды, бауырым, әлі аулайды! Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,Белгілі ғой кімнен қан тамшылары»Аңдып жүріп атадыЗәңгілердіКу-клукс-кланның аңшылары! Өкпе емес пе осыным,Наз емес пе?!Кейбіреулер барына мәз емес пе?!Туыс көп теЖоқ бірақ туысқандық.Адам көп те,Адамдық аз емес пе?!
Біз бірліктің , сенімнің , көпұлтты Қазақстан халқының ынтымағының арқасында тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрдық . «Бірліктің , сенімнің , біздің көпұлтты Қазақстанның ынтымағының арқасында тәуелсіз Қазақстанды құрдық . Біз экономиканы нығайттық , адамдарымыздың сенімді болашағын жасадық. Ауылдар , қалалар салудамыз , өнеркәсіпті , ауыл шаруашылығын көтерудеміз , университеттер салудамыз . Біздің балаларымыз шет елдерде білім алуда . Осының барлығына еліміздің ынтымағы , тұтастығы арқасында қол жеmmі.
Лашык, лимон, лимонад, Лариса, лас.