Мен 25 жыл әскерде болдым.біле білген кісіге бұл үлкен университет.осы 25 жылдың ішінде талай кездестім,сабақ алдым.талай генералдың қол астында жұмыс істедім,тәрбие алдым.өйткені командир деген әскери педагог қой. мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын.отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім.өз халқын құрметтеп,сүймеген опасыз,оңбаған .өз елінің бағасын білген ғана басқа елді қадірлей алады.өйткені халықтардың туыстығы алдымен ң өз халқына сүйіспеншілігіарқылы ғана келеді.мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші!
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.