Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматықаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан,Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.
Л әрпінен басталатын мемлекет аттары:
1. Лаос – Оңтүстік – Шығыс Азиядағы мемлекет.
2. Латвия (Еуропа).
3. Лесото (Африка).
4. Либерия (Африка).
5. Ливан – Таяу Шығыстағы мемлекет.
6. Ливия – Африканың солтүстігіндегі мемлекет.
7. Литва (Еуропа).
8. Лихтенштейн (Еуропа).
9. Люксембург - Еуропадағы мемлекет, әрі қала.
Л әрпінен басталатын қала аттары:
1. Ла-Пас – Боливияның үкіметтік орталығы (Оңтүстік Америка).
2. Лейпциг (Еуропа).
3. Либревиль - Габон мемлекетінің астанасы (Африка).
4. Лилонгве - Малави мемлекетінің астанасы (Африка).
5. Лима - Перу мемлекетінің астанасы (Оңтүстік Америка).
6. Липецк – Липецк облысының орталығы (РФ).
7. Лиссабон - Португалия мемлекетінің астанасы (Еуропа).
8. Ломе - Того мемлекетінің астанасы (Африка).
9. Лондон - Ұлыбритания мемлекетінің астанасы (Еуропа).
10. Луанда – Ангола мемлекетінің астанасы (Африка).
11. Луганск – Луганск облысының орталығы (Украина)
12. Лусака - Замбиия мемлекетінің астанасы (Африка).
13. Львов – Львов облысының орталығы (Украина).
14. Любек (Еуропа).
15. Любляна - Словения мемлекетінің астанасы (Еуропа).
16. Люксембург - мемлекет, әрі қала. (Еуропа).
Р әрпінен басталатын мемлекет аттары:
1. Реюньон (Франция) (Африка).
2. Ресей, Ресей Федерациясы (Еуропа және Азия).
3. Руанда (Африка).
4. Румыния (Еуропа).
Р әрпінен басталатын қала аттары:
1. Рабат - Марокко мемлекетінің астанасы (Африка).
2. Рангун (Янгон) – Бирма мемлекетінің астанасы (Оңтүстік - Шығыс Азия).
3. Рейкьявик - Исландия мемлекетінің астанасы (Еуропа).
4. Рига - Латвия мемлекетінің астанасы (Еуропа).
5. Рим - Италия мемлекетінің астанасы (Еуропа).
6. Рио-де-Жанейро - Бразилияның екінші астанасы (Оңтүстік Америка).
7. Розо – Доминика достастығының астанасы (Орталық Америка).
8. Ростов-на-Дону – Ростов облысының орталағы (РФ).
9. Рязань – Рязань облысының орталығы (РФ).