Ең алғаш ғарышқа ұшқан «Лайка» атты ит туралы естіп, білдік. Ол ақылды ит болған екен. Сосын ғарыш жайлы бейнеролик көрдік, сөзжұмбақ, жұмбақ шешіп, өлеңдер оқыдық, постер арқылы түсінгендерімізді айттық. Ғарышкер болу оңай емес екен. Біліміңмен қатар денсаулық та мықты болу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Біз бәріміз де ғарышкер болғымыз келді. Жақсы оқып, тәрбиелі болсақ, ізденсек, денсаулығымыз мықты болып, спортпен айналыссақ, ғарышқа ұшуға жол ашық екен. Сөйтіп, бәріміз де есейгенде ғарышкер боламыз деп шештік!
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 66 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді дегендей кан майданга аттанган адамдар өз елін сүйгендіктен согыста жеңіп елімізді тәуелсіз етті.
Соғыс жылдары Қазақстан сонымен қатар миллиондаған босқындарды қабылдап, қол ұшын соза білді, әрі майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.