ответ:Сәлем, достым! Демалыстан соң үйіңе аман-есен жеттің бе? Екеуіміз уәделескендей осы хатымда біздің бас қаламыз жайлы жазып отырмын.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Астана жас қала болғанымен әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар қала. Елордаммен мақтанамын! Келер жылы бұйырса, Астанаға шақырамын, бас қаламның көрікті жерлерің бірге аралайық!
Сәлеммен,
Арсен
Объяснение:
Париждегі әйнек пен металл тіректен соғылған Лувр пирамидасы, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын Еуротуннель теміржол үңгіртауы, 102 қабаттан тұратын Нью-Йорктың көкпен тірескен ғимараттары, «Алтын қақпа» көпірі, Итайпу гидроэлектр стансасы сияқты кереметтердің бәрі – сәулет өнеріндегі әлем кереметтерін ғылым мен техниканың жетістіктері деп толыққанды айта аламыз.
Иә, шынында, табиғаттың өзі де сұлу да әсем, шебер туындыларға бай. Мәселен, Перудегі Мачу-Пикчу «әлемдегі ең әсерлі қирандылар» деп саналады. Олар Урубамба өзенінің шатқалы қоршаған тау шыңындағы тік еңісті қыратта орналасқан. Оларды адам қолымен немесе техниканың көмегімен жасалған деп айта алмаймыз.
Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері, яғни сәулет және мүсін өнерінің кереметтері – әлем халықтарының ортақ мұрасы.
Осындай құрылысы ерекше орындарды тарих сахнасынан жоғалтып алмай, болашаққа бұйырту - қазіргі адамзат алдында тұрған үлкен міндет.
Объяснение: Думаю 99 процент
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.