1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
Өзін көп мақтай бергендіктен бе,соңғы кезде Айдар мұрнын шүйіріп жүр.
Көзім тоймай, балмұздақты біраз жеп қоыппын,енді тамағым ауыратын секілді.
-Көзіңе көк ала шыбынды үймелетермін әлі,көр де тұр,-деп қорқытқан Сағира шешейдің дауысы ауылды жаңғыртты.
Жыланды көргенде қорыққаным соншалық, төбе шашым тік тұрды десем болар.
Бүгінгі байқаудан Бас жүлде алған Асхаттың қуанышы қойнына симай бара жатты.