М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Вика2003033
Вика2003033
09.09.2022 17:23 •  Қазақ тiлi

Торт тулик малдарга шыгарма курау керек

👇
Ответ:
vladamalaxova
vladamalaxova
09.09.2022
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, олардыойсылқара, қамбар ата, шопан ата,зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді. [1]
4,8(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
tanysha4957
tanysha4957
09.09.2022

Объяснение:

1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға арналған 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз. 1-мәтінБурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз

4,4(28 оценок)
Ответ:
us05042007
us05042007
09.09.2022

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі. Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Елбасымыз Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың күн санап, көркейе берсін!

Объяснение:

4,6(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ