Анама сыйлық.
Менің аяулы да ардақты анамның туылған күні жақындап келе жатыр.Ал мен сыйлыққа не берерімді әлі күнге дейін шешпедім.Анам қымбат сыйлықтарды ұнатпайды.Маған үнемі "маған қымбат иіссу алғанша,өзіңе дәптер мен қалам алмадың ба?!" деп айтатын.Сондықтан бұл жолы артық ақша құртып,анамды ашуландырмай-ақ қояйын деп шештім.Құрдастарым өз қолыңмен сыйлық жаса деп кеңес берген еді.Мен суретті жақсы саламын.Алайда құр сурет қарапайым болып кетеді деп ойлаймын.Өлең шығаратын қабілетімнің жоқтығын қарашы.Осылайша ұзақ ойланып еңбек сабағынан үйренген білімімді пайдалануды шештім.Таза, тік төртбұрышты ағашты алдым да ішін ойып рамка секілді жасадым.Ағаштың шетіне әдемі гүлдер салдым.Одан кейін тастармен әшекейледім.Анам екеуміз түскен фотоны салдым.Мінеки,өз қолыммен әрі әдемі фото салатын рамканы істеп шықтым.Енді ақ параққа өзімнің жүрегімнен шыққан тілектерді жазу ғана қалды...
Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
(Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
"Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім".
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір — сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады
Объяснение: