Менің хоббиім - спортпен шұғылдану.
Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - спортпен шұғылдану, атап айтқанда, волейбол. Арнайы спорт мектебінде жаттығып жүргеніме екі жылдан асты. Жаттығу күндерін асыға күтіп, бар күш - жігерімді жұмсап айналысамын. Болашақ өмірімді де спортпен байланыстырамын. Жаттықтырушыларымның арқасында бірнеше спорт сайыстарының жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрмін.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.
Менің атымды Роман деп әкем өзінің досының құрметіне қойыпты. Досы өте әдепті, бауырмал, білімді, мейрімді жан. Әкем досын, досы әкемді қатты сыйлайды. Әкем менің өзінің досындай сыйлы азамат болғанымды қалайды. Менің әкемнің үмітін ақтауға тырысамын.