Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.
Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.
Қазақстанның тұңғыш президенті
Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бұл адам өте керемет адам. Өйткені ол біздің елімізді жаңартып, көркейтіп келеді.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептер салды және әлі де салынып жатыр.Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді,оны халық,біз балалар да өте жақсы көреміз. Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың компьтерлік сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді.Қазақстан Халқына Жолдауы-бұл- нақты бағдар беріп, Қазақстандықтар үшін үлкен табыстарға жетуге итермелейді. Елбасымыздың Жолдауы мен үшін үлкен мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, мәдениет, білім, экономика, әлеуметтік сала жағынан кең шекараларды ашады деген сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, 1 желтоқсан- Қазақтың Тұңғыш Президенті күні. Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат ,ал еліме тыныштық тілеймін.
Қазағым сіздей ұлмен бақ тапқасын, Ақының неге сөзін сақтап қалсын, деп ақындар жырына арқау болған, қазір әлем мемлекеттері тарихын зерттеушілердің назарын өзіне аударып, өткен жылғы шілде айында ағылшын жазушысы және публицисі, саяси биограф Дж.Айткен мырзаның «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» атты кітабын жазып, Лондонда оның тұсаукесерін өткізгені Елбасымыздың, шын мәнінде, біртуар азамат, елін ұлы көшке сүйреген көшбасшы екіндігінің айқын дәлелі.