Қазақ тілінің болашағы.
Тіл – баға жетпес ұлттық құндылықтардың бірі.Әрбір ұлт үшін тіл – елдігінің айғағы,ана сүтімен бойға дарыған қазына.“Тіл – қылыштан да өткір” демекші,тарихымыздағы жүздеген соғыстар мен жаулардан осы бай тіліміз арқылы жеңіске жеттік десек те болады.
Тәуелсіздігімізден бұрын қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп саналғаны белгілі.Осы қазақ тілінде сөйлеп,еркін өмір сүре аламыз.Өткеніміздің қандай болғанын білгеніміз ең,келешегіміз бұлыңғыр емес пе? Сондықтан да осы асыл қазынамыздың құлдырап кетпеуі үшін жан аямай жұмыла еңбек ету керек.Бауыржан Момышұлының: «Өз тіліңнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай», – деп өз даналығын айтқандай,өзге тілді үйрену керек,өз тіліміз неге керек деп ойламауымыз керек.Әрине,көп тіл білген жақсы.Алайда өз тіліңнің қадірін ұмытпауың керек.Керісінше оның жан-жақты дамуына,өркендеуіне ат салысу керек қой.Сөз арасын өзге тілдегі сөздермен шұбарламай,таза сөйлей білу керек.Орыспен орысша сөйлес,ағылшынмен ағылшынша сөйлес,бірақ қазақ пен қазақтың өзге тілде сөйлеп тұрғаны еріксіз қынжылтады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауымен латын әліпбиіне көшу туралы бастамалар жасалынуда.Әрине,бұның бәрі қазақ тілінің гүлденуі үшін,әлем аренасында ойып тұрып орын алуы үшін жасалынып жатқан шаралар деп білемін.
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Туған жер
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Жырды шашу болды оған бір арман.
Менің кіндік қаным тамған жер Көкшетау облысындағы Қызыл ту ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашаауылыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.