М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
darina20034
darina20034
13.05.2020 21:15 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на казахском языке про витамины!

👇
Ответ:
pechenkinaolga5
pechenkinaolga5
13.05.2020

((витамин на казахском-дәрумен))Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.

Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада)дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандытан, олар микронутриент болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды.

Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.

Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз,балық,майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

4,7(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ArturSSexe
ArturSSexe
13.05.2020

Ғарышкер

Ғарышкер... Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.

Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық  та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.

Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.

Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.

4,4(60 оценок)
Ответ:
ник5045
ник5045
13.05.2020
Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік , мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе. Табиғатты қорғау мәселесі – кешенді жүргізілуі керек. Табиғаттың белгілі бір ресурстары немесе белгілі бір аймағы ғананемесе жекеленген бөліктерінің қорғауға алынуы – табиғатты қорғау мәселелерін шешпейді, қорғауға табиғаттың барлық компаненттері алынып, тарихи дамуында бірлесіп жатқан, жаратылыстарынан табиғи байланысты әртүрлі компаненттерін біріктіретін табиғи кешенді (комплекс,экожүйе) толығымен қорғауға алынуы тиіс. Табиғатты қорғау керек және қолдану керек.Бұнсыз адам қоғамындағы прогрес мүмкін емес. Адамдар арасындағы табиғатты қорғау принциптері мен ережелерінің сақталуы оны заңдастырылған жағдайда ғана сақталады. Ең негізгі табиғатты қорғау заңы болып - табиғатты әркімнің, қазақстан халықтарының аса бағалы байлығы ретінде, әлеуметтік, экономикалық дамуы мен адамзаттың жағдайының жақсаруының ең негізгі кепілі ретінде тануы болып табылады. Бірақ Заң автоматты түрде жүзеге асырылмайды, олар мемлекеттің басқарылуымен бақылаушы ұйымдар, прокуратура, сот, арбитражды сот, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер арқылы бақыланып отыралады. Бұл Заңдар азаматтардың бойында ешкімнің зорлығынсыз, күштеуінсіз, өз еркімекн адамгершілік негізде қалануы керек. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері ережелерін сақтау және табиғатты қорғау, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірімен келешегі үшін үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде Жердің барлық: атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының бәрі ластанаған, атмосферадағы газ баланысының өзгеруі, ластануының өсуі, оны қорғаудың, сақтаудың түрлі шаоаларын қатаң сақтауға, өндіріс орындарына жоғарғы сапалы тазартқыш қондырғылар орнатуға, өнеркәсіпте айналмалы процестер циклін қолдану және жаңашаландыра отырып қолға алуға баса көп көңіл бөлінуде. Суды уаытында қорғап, үнемді, тиімді пайдалану, оның қажеттілігі мен қолдану мүмкіншіліктерін арттырады. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Оларды тасымалдау және өңдеу, қазып шығару кезінде өте үнемді қолдану керек. Қазба байлықтарын қазу орындарында қазылған жер ландшафтарын қайта орнына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуін қадағалап отыру қажет.Топырақтың бұзылуы, эрозиясының тоқтауы және эрозияға ұшыраған топырақтың қайта қалпына келуі өте көп еңбекті, үлкен қаржыны, шығынды қажет ететіндігін үнемі есте сақтау қажет. Өсімдіктер, соның ішінде орман – орнын толтыруға болатын табиғат ресурстарының бірі. Оларды тиімді пайдалану, өсімдіктер бірлестігінің өзгерісі мен орнына келтіру экологиялық заңдылықтарға негізделген. Жануарлар дүниесі – табиғаттың орнына келтірілетін бөлігі ретінде адамдар оларды экологиялық заңдылықтарға сәйкес реттеп отырады, мысалы: өндірістік жануарларды белгілі бір тәртіп бойынша аулау, құрып бара жатқан және сирек кездесетін түрлерді қорғау мен қалпына келтіру, орман және ауылшаруашылық өнімдеріне қауіп төндіруші жәндіктердің снын азауту немесе керісінше, пайдалы жәндіктер санын өсіру сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/referat/ekologiya/156-oldanbaly-ekologiya-nemese-tabiatty-orau.html
4,4(13 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ