2)
Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиышылық болса да күресуге дайын.
VII.2. Ғали – медресе бітірген, мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.
VII. 3. Сәрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып, болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда болуды ойлайды.
VII. 4. Байжан – құбылмалы, қатаң адам.
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы.Үндестік заңының 2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1) Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Түркі тілдері,оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Мынадай сөздерде:
1.қос сөздерде (аман-есен,асты-үсті т.б.)
2.біріккен сөздерде (шекара, ба з,кәсіпорын т.б) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасыңда да сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.Мысалы:тас-қа (тас-ке емес),үй-лер (үй-лар емес),құс-ты (құс-ті емес) т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен қатар (-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі,-паз,-қор,-қой т.б.),кірме сөздерде де буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар болады (кітап,алгебра,цехтан,рульді т.б.).
2) Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Оның 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1.Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі.Мысалы:қаш-са (қашша),көзқарас (көзғарас),ақ балық (ақ палық) т.б.
2.Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.Мысалы:бас+шы (башшы), Есенгелді (Есеңгелді),он бес (ом бес) т.б.
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.Мысалы:Досжан (Дошшан),Жиенқұл (Жиеңғұл),тас жол (ташшол) т.б.