М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
abdrahmanovamir123
abdrahmanovamir123
04.01.2021 16:46 •  Қазақ тiлi

Шығарма "ежелгі дәуір әдебиеті-түркі халықтарына ортақ мұра"

👇
Ответ:
natsia
natsia
04.01.2021
Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасырды және Х – ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Зерттеуші ғалымдар: Х.Сүйіншалиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, т.б. ежелгі дәуір әдебиетін төмендегідей дәуірге бөлген.

«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасыр мұралары.

Орта түркі дәуірі – Х – ХІІ ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен  тұрады:

1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.

Ислам дәуіріндегі әдебиет.

«Алып ер Тұңға» дастаны – б.з.д. VІІ ғасыр мұрасы. Алып ер Тұңға – өте көне заманда өмір сүрген түркілердің көсемі. Алып ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Жоқтауда опасыз дүниенің Алып ер Тұңғаны да аямағанын, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны жырда:

Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер, –

деген жолдармен берілген.

Алып ер Тұңға ХІ ғасырда Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шахнама» кітабында Тұранның патшасы Афрасияп болып суреттелген.
4,6(54 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
М4ш4
М4ш4
04.01.2021
Қорқыт Ата[1] – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайытайпасынан шыққан десе, Әбілғазының“Түрік шежіресінде” оның тегі баятекендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе,Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұламаойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманистретінде көрінеді.
4,5(41 оценок)
Ответ:
1KoTObOpMoT1
1KoTObOpMoT1
04.01.2021

Хоккей ойыны туралы.

Хоккей – арнайы шыбық (клюшка) пен шайбамен немесе доппен ойнайтын спорт түрі. Яғни шайбалы хоккей және допты хоккей болып екіге бөлінеді.

Алғаш рет хоккейге ұқсас ойын түрін Голландияда ойлап тапқан екен.  Ал қазіргі кезде бүкіл әлемде ойналатын спорт түрі Канадада пайда болған. Ойынның мақсаты - шайбаны (допты) қарсыластың қақпасына кіргізу. Ойын жиырма минуттық үш кезеңнен тұрады. Егер үш кезек бойы жеңімпазды анықтай алмаса, онда овертайм ойнатылады. Овертаймда да жеңімпазды анықтау мүмкін болмаса, онда буллиттер сериясы жарияланады.

4,7(88 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ