Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Достықты бағалау керек.
Достық - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Менің ойымша, ең бастысы адамдар бірін – бірі түсініп, қиын жағдайда қолдау көрсетіп, қуанышты бірге қызықтаса, міне, осыны мен мінсіз достық деп білемін, ал сіз менімен келісесіз бе?
«Сен маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» демекші, дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын адамды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылықтары мен көзқарастары бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Дегенмен, кемшіліксіз адам болмайды, әрқайсымыздың өз кемшіліктеріміз бар. Сондықтан да, менің ойымша, мінсіз дос болмайды. Немесе, мінсіз дос осындай болу керек деген тұжырымдама да жоқ.
Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Дана халқымыз да достық қарым – қатынасты ерекше бағалап, қастерлеген. Сондықтан достық қарым - қатынасты бағалап, адал дос бола білуіміз керек деп ойлаймын.