Берілген нұсқалар бойынша мысалдар келтіріп жазу.
Зат есім + зат есім:
Томирис патшайым.
Апта соңы.
Сын есім +сын есім:
Көк ала.
Қылғылт сары.
Сан есім + сан есім:
Сексен тоғыз.
Жетпіс төрт.
Есімдик + зат есім:
Ол – дәрігер.
Сендер оқушысыңдар.
Есімше + зат есім:
Баратын жол.
Сатылатын тауар.
Септеулі зат есім + етістік:
Далаға шығып кетті.
Кітапты оқыды.
Зат есІм + етістік:
Алмагүл ұйықтап жатыр.
Жездем қоңырау шалды.
Үстеу + етістік:
Күні - түні оқыды.
Ала жаздай еңбектенді.
Сын есім + етістік:
Жаңасы сатып алынды.
Кең салынды.
Сан есім + етістік:
Жетеуі келді.
Тоғызы жіберілді.
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)
Осыдан жиырма жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.