Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды
«Болар елдің баласы бірін – бірі батыр дер...» тақырыбына эссе.
Бұл халық даналығының астары тереңде жатыр деп ойламын. Себебі кез – келген ұлттың ұлттық болмысын сақтап қалу үшін, менің ойымша, тілін, дінін, салт – дәстүрін бір арнаға тоғыстырып, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек. Отбасындағы тәрбие дұрыс болса, әрбір қазақ баласы бір – бірін табаламай, керісінше, керек кезінде қол ұшын созып, демеу беріп, қолпаштап отыратыны сөзсіз. «Қазақпын» деп кеудесін қаққан жалынды жастарды бірін – бірі қолдауға, сонымен қатар ұлтжанды болуға үлкен аға буындар өз өнегелі істерімен мысал болып, жол нұсқаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сонымен қатар, бұл мақалда айтылған ой ар – намыс, ожданмен де байланысты деп есептеймін. Себебі, батыр демекші, жігітті намыс өлтіреді дейді халық даналығы. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі.
Сондықтан, отбасындағы тәрбиеге аса мән берген дұрыс деп есептеймін.