Жарнама не туралы екенін анықта. Құрметті, қазақстандықтар! Жазғы демалыстарыңызды қайда өткізу керектігі туралы жоспар құрдыңыздар ма? Егер әлі таңдау жасамаған болсаңыздар біздің жарнамамызға құлақ түріңіздер! Каспий теңізінің жағалауына жайғасқан «Дария» демалыс кешені отбасылық демалысты мазмұнды өткізуге көмектеседі. Балаларға теңізшілер өмірі мен теңіз жануарларын таныстыру, толқынмен жарысып, серфинг тебуді үйрету, теңіз суын зерттеу, шипалы бұлақтардың суымен, тұзды сулармен емделу сынды, т.б. қызмет түрлерін ұсынады. Теңіз жағасында қаңқылдаған дала қазын, шағаланы көре аласыздар. Айдынды бауырлай ұшқан шағалаларды көріп қана қоймай, жем шашып қызықтай аласыздар. Көп кешікпей телефон құлағын бұраңыздар, Каспий теңізіне жолдама алыңыздар! Байланыс телефон: 87019996363 [email protected] Каспий теңізінің картасын жасау Каспий теңізіне саяхат ұйымдастыру Каспий теңізін тазарту Каспи теңізінің маңайын зерттеу
Су адамға әрдайым керек. Сусыз өмір сүру өте қиын. Себебі а сусыз өмір жоқ. Біз суды күнделікті пайданаламыз. Бірақ біз кейде суды күн сайын пайдаланғанымыз соншалықты судың қадірін білмейміз. Әсіресе жаздың ыстық күнінде адамға бірінші су керек. Судың да сұрауы бар деген қазақта мақал бар. Су ағып тұр ғой, таусылмайды ғой деп суды құр босқа шашып немесе төге беруге болмайды. Кейбір адамдар сол суға зар болып қалады. Быз өмірде бүкіл тұрмыс-тіршілігімізде суды пайдаланамыз. Тамақ істегенде де, кір жуғанда да және т.б. істерде қолданамыз. Судың қадірін аш қалғанда және Ораза ұстағанда білесің. Себебі таң атқаннан күн бақанға дейін суды ішпей жүру қиын. Кейде үйде су өшіп қалса, бүкіл тірлігің жайында қалады. Судың өшпеуін қадағалау үшін, суға ақшаны алдын ала төлеп қою керек. Кәзіргі кезде біз суды кранттан алып су ішеміз. Ал баяғы заманда суды құдықтан алып үйге тасып ішетіңн болған. Құдық болмай тұрып, өзеннің, көлдің, теңіздің суын ішетін болған. Ашаршылық кезде су болмағанда адамдар лай суды жанталасып ішкен. Ал біз кәзір қарапайым суды менсінбейміз. Ондай болмау керек. Біз жаңа технологияның дамуына байланысты таза су ішеміз. Себебы ол жердегі мамандар суды әптен тазалайды. Мамандар суды 1 литрліктен 5 литрлік баклашка суды құйып сатып жатыр. Мысалға "Тау", "Тассай", және т.б. Менің ойымша әрбір адам судың қадіріне жете білу керек.