Мәтінді оқыңыз
Отырардың бүгінгі құдіреті ше? .. Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы » осы қаланың үстінен өтеді. Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып, дамылдайды, сосын тағы да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған қаласын салтанатқа бөлеп, байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім жұртқа жайды..
Әуелде араб жиһангездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып жүрді. Отырарды қазір ғұлама,өнерпаз,
Фастфуд тағамдары адам ағзасына зиян
Объяснение:
Фастфуд денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі.Үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері: Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспейді.
Табиғат аясында.
Біз отбасымызда «табиғат пен адам егіз ұғымдар» деген қағиданы ұстанып, үнемі демалыс сайын табиғат аясына демалып, серуендеуге шығып тұрамыз.
Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Әсіресе, менің ойымша көктемгі табиғат ерекше құбылыс. Себебі көктем келісімен, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" деп бір - бірімен жарыса, жар салатын тәрізді. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді.
Осылайша, күн жылынып, қар еріген соң табиғат аясына таза ауамен демалып, біраз тынығу үшін біз әрбір демалыс сайын қала сыртына шығамыз. Ешқандай абыр – сабыр жоқ, тек қана табиғат және біз. Осындай сәттер бойыңа ерекше нәр беріп, күш сыйлайтын тәрізді болады.
Ал табиғат аясындағы жазғы серуендеу ол мүлдем бөлек әңгіме, өзіңізді орман ішінде серуендеп жүргендей елестетіп көріңізші, жан –жағыңызда сайраған құстар пен жыбырлаған жәндіктер, таза ауа, ағаш астындағы көлеңкеде кітап оқудың өзі бір ғанибет емес пе?!