СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Дипломды арқалаған жастар бүгінде өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспайды. Көп жағдайда оған себеп – мамандықтың дұрыс таңдалмауы. Мектеп алды даярлау ұйымдарының тәрбиешісі, наубайшы, аспазшы, тігінші, шаштараз-ұста, электргаздәнекерлеуші, электр құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу бойынша электромонтер, сауда менеджері, қадағалаушы-кассир және даяшы – бүгінгі күннің сұранысына ие мамандықтар. Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс болмаса, жалақысы аз, мамандық көңіліңізден шықпаса не істеу керек?! Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы тек сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді қайта оқыту курстарын жүргізуде. Онда жас ерекшелігіне қарамай маман иесі болам, кәсібімді өзгертем, біліктілік жинайтаймын деген кез келген азамат білім ала алады. Сол сияқты қазір кездегі осындай мүмкіндіктерді көріп,тырысу қажет.