Қазіргі кездегі автокөлік түрлері. Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайтын салалардың бірі екендігі барлығымызға мәлім.Көлік жүйесі басқаларына қарағанда үлкенірек.Себебі,бұл жүйеге барлық байланыстар,көлік түрлері,құралдары мен кәсіпорындары кіреді.Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы үлкендеу елдер үшін маңызы ерекше.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқындырақ дамуына негіз болды.Әсіресе,автокөліктердің күннен күнге әдемірек,жылдам және сапасына қарай қымбаттаулары шығып жатыр.Олардың жүз мыңдаған маркалары мен түрлері бар десек,қателеспейміз.Мысалы,жарыс автомобилі жүк автомобиліне қарағанда жылдамдау және шағынырақ келеді.Керісінше,жүк автомобилі үлкен әрі бірнеше дөңгелектері болады.Қазіргі күнде адамдар өзі қалаған автомобильдің кез-келгенін сатып ала алады.
Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.