Менің сүйікті ойыншығым туралы.
Әрбір балада көптеген ойыншық түрлері болатыны сөзсіз – ата – анасы, әжелері мен аталары, ағалары мен апалары туған күн, жаңа жыл, мереке секілді күндері түрлі ойыншықтар сатып алып беріп жатады. Менде де бөлмемде ойыншықтарымды жинайтын шкафта бос орын жоқ. Дегенмен, осы көптеген түрлі ойыншық ішінде менің сүйсініп ойнайтын ойыншығым - ол ағаштан әзірленген біздің ас үйіміздің кішігірім көшірмесі. Ата – анам туған күніме сыйлаған болатын. Әкем оны өз қолымен ағаштан жасап, сыртын арнайы ойыншықтарға арналған боуямен бояп берген болатын. Қолдан жасалған ойыншық болған соң өзіме аса ыстық. Барлық есіктері ашылып, шкаф ішіне ойыншық ыдыс – аяқты жайғастырып қоюға болады. Тіпті тоңазытқыш пен ас әзірлейтін пеш те бар. Сабақтан бос уақытта осы ас үй ойыншығымен ойнағанды ұнатамын. Түрлі тамақ әзірлегендей елестетіп ойнаймын. Одан қуыршақтарым мен жұмсақ ойыншықтарымды отырғызып қойып, оларға «пісірген» тамақты беріп, ойнағанды жақсы көремін. Анам тамақты өте дәмді әзірлеп, неше түрлі тәттілер пісіреді. Мен де бой жеткенде анама ұқсап тамақты дәмді әзірлеп, отбасымды қуантқым келеді.Ал әзірге мен тек үйреніп, анамның істегенін қайталауға тырысып жүрмін.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.
Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.
Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүреді
шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.
- Балалар қыстап қалатын құстармен таныстық.
- Енді математикалық есеп шығарып көрейік.
- Ағаштың оң жағына қарға келіп қонды, қане Нариман қарғаны көрсет енді оны ағаштың оң жағына қондыр.
- Ағаштың жоғарғы жағына торғай келіп қонды. Қане Саяжан
торғайды тауып оны ағаштың жоғарғы жағына қондыр.
- Ағаштың сол жағына суық торғай келіп қонды. Қане Нұрислам суық торғайды тауып оны ағаштың сол жағына қондыр
- Ағаштың ортасына сары шымшық келіп қонды. Қане Аружан сары шымшықты тауып оны ағаштың ортасына қондыр
- Ағаштың төменгі жағына сауысқан келіп қонды. Қане Мұрагер сауысқанды тауып оны ағаштың төмен жағына қондыр
- Балалар ағаш нешеу?
- Құс нешеу?
- Көрдіңдер ме балалар олар бір ағашқа сыйып тату - тәтті өмір сүруде.
Есік қағылады топқа қарға ұшып келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар, менің көңіл күйім жоқ, өзіме дос іздеп жүрмін менің достарым жылы жаққа ұшып кетті.
- Сәлеметсің бе қарға, сен қам жеме біздің балалар саған жаңа достар тауып береді.
Жұмыс үлгісін көрсету
Балалардың дербес жұмыстары: табиғи материалдардан, киндрдан құстарды құрастырады
Сергіту сәті:(Саусақ жаттығуы)
Екі қарға кезікті ән айтты қар - қар - қар
Екі сауысқан кезікті ән айтты сақ - сақ - сақ
Екі торғай кезікті ән айтты шиқ - шиқ - шиқ
Екі көкек кезікті ән айтты көкек - көкек - көкек
Педагог жұмыстарын қадағалап, сұрайды
Қарға балаларға ризалығын білдіріп, рахмет айтып қоштасып ұшып кетеді.
Рефлекциялық – түзетушілік
Тәрбиеші балаларға «Артығын тап»ойының ойнатады
Ол балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрап сабақты бекітеді.
Қоштасу
Біз қарлығаш тобымыз
Доспыз бәріміз
Құстай қанат қағамыз
Биікке біз самғаймыз.
Келгендеріңізге рахмет
Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыстап қалатын құстарды.
Қандай түсініктерді игереді: Құстарды танып, ажырата алады, сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі,, адамзатқа, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшық
қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді, аязды күні құстарға адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды игереді, қамқор болады.