Академиялық жазудың басты мақсатының бірі – студентті ғылыми
мақала жазуға баулу. Ғылыми мақала жазу – оңай емес, ол өзіне жазуға
дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық
құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс. Ғылыми мақала жазуды
санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға
ғана іске асыра алады. Студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, осы
міндетті (ғылыми мақала жазу) университетте оқып жүріп игеру немесе
игерту үшін қадам жасау маман және оның болашақ саласы үшін де пайдалы
болмақ.
Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:
1. Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне -е/-й жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.
2. Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз.
3 Мақсатты келер шақ. Ӏс-кимылдың мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.