Хан Тәңірі шыңы
Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.
Бурабай курортық аймағы
Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.
Шарын шатқалы
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген
Қысқы және жазғы олимпиада ойындарын салыстыру.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Әрине, ең басты айырмашылықтары өткізілу маусымында: бірі қысты өтсе, екіншісі жазда өткізіледі. Қысқы спорт түрлеріне: биатлон,трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт – трек, биатлон т.б. жатады. Қыстан басқа мезгілде спортшылар спорт залда жаттығып, ал үлкен жарыстарға дайындық үшін арнайы салқын жаққа жол жүреді.
Ал жазғы спорт түрлері қысқы спорт түрлерімен салыстырғанда едәуір көп: жүзу (түр - түрімен), футбол, баскетбол, воллейбол, бокс, карате, таеквондо, жеңіл атлетика, қол добы, академиялық есу, бадминтон, күрес, велоспорт, су добы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, ат спорты, үстел теннисі, желкенді спорт,суға секіру, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, көгалдағы хоккей т.б.
Екі ойын түрі де төрт жылда бір рет алдын – ала арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталған қалада өткізіледі.