М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yvvv
yvvv
07.12.2021 16:49 •  Қазақ тiлi

5предложений про новый год на казахском

👇
Ответ:
16Евгения16
16Евгения16
07.12.2021

Жаңа жыл туралы шығарма.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

4,4(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Marina1023
Marina1023
07.12.2021

Менің отбасым

Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.

Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.

Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.

Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.

Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.

«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!

4,5(55 оценок)
Ответ:
Вовка753
Вовка753
07.12.2021

Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың  жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан  шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, "Өмір өзені" атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан

Объяснение:

КОРОНКУ

4,8(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ