М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kudgalina83
kudgalina83
08.08.2022 07:29 •  Қазақ тiлi

Сочинение про собаку на казахском языке 5,6строчек

👇
Ответ:
VikaSh86
VikaSh86
08.08.2022

Шығарма

Ит – адамның досы.

Қазақ халқы:"ит - жеті қазынаның бірі" деп бекерге айтпаған.Итті көптеген елдер қастерлеген.Әсіресе,қазақ халқы итті досымыз деп білген.

Ең алғаш қолға үйретілген аң ит екен.Ит адамға аң аулап,азық табуға,қорғануға көмектескен.

"Ел жатпай - ит тынбас" демекші,ит - отбасының,үйдің сақшысы.Олар тіпті адамдар жасай алмаған ерліктерді де жасай білген.Мысалы,ғарышқа алғаш Белка мен Стрелка деген иттер ұшқан еді.

Иттердің өз иелеріне деген адалдығын көрсететін көптеген шығармалар мен фильмдер бар.Хатико атты иттің өз иесін көптеген уақыт бойы күтуі,"Меган Ливи" атты фильмдегі Рекс деген иттің иесін бірнеше рет қорғап қалуы деген секілді туындылар көп-ақ.

"Жақсы ит - иесінің көзі, құлағы" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,иттер адам көрмеген нәрсені көріп,сезінеді.Сондықтан да,жеті қазынамыздың бірін қастерлей білейік.

4,7(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
smirnovadashuta
smirnovadashuta
08.08.2022

«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.

1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.

2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.

3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.

4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.

5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.

6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!

4,5(10 оценок)
Ответ:
юлеч2003
юлеч2003
08.08.2022
Қазақ тілі-бай,дамыған тіл.Қазақ тілі қазақтардың ана тілі.Қазақстанда тұратын əрбір адам қазақ тілін білуге мідетті.Себебі бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Кейбір қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері қазақ тілін меңгере алмай жатады.Тіпті қиын деп те ойлайды.Бірақ меніңше қазақ тілі орыс тіліне қарағанда оңай көрінеді.Бізде орыс тілі ресми тіл болып қалыптасқан,сондықтанда Қазақстанда адамдардың көбісі орысша тілдеседі.Қазақ тіліне біздің елде жете көңіл бөлінген.Себебі бұл біздің ана тіліміз болғандықтан,оны тереңірек білген дұрыс.Қазіргі дамыған заманда адамдар 5 тілге дейін үйренуге міндетте деп саналады.Соның ішінде қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлттар мен ұлт өкілдері.Мен біздің тілді басқа ұлттар үйренсе риза болар ем,себебі біздің тілді құрметтеп үйренгісі келгеніне.
4,5(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ