Неліктен аспан әлемі ежелден адамдарды қызықтырған?
Бағзы заманнан бері аспан әлемінің шексіз кеңістік құпиясы тек қазақ халқын ғана емес, жалпы а ежелден-ақ, өзін тануға ынталандырып, қызықтырып келеді. Міне, күні бүгінге дейін бұл үрдіс бір сәтке тоқтаған емес. Керісінше заманның өзгеруі мен ғылыми – техникалық процесс бұл қызығушылықты одан әрі көбейтіп, аспан әлемі жіті зерттелуде.
Бұрынғы заманнан бері адамдарда уақытты, бағыт - бағдарды дәл көрсететін белгілі құралдары болмағандықтан, Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Сондықтан да, олар осы қажеттілік салдарынан аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отырған.
Дегенмен, аспана әлемі - әлі де сыры толық ашылмаған құпия әлем. Күндіз көгілдір, түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап, қызықпау мүмкін емес. Дана халқымыз ежелден бері ғарышқа ұшпай – ақ, аспан әлемінің құпяиларын білген секілді. Мысалы, аспанда орнын ауыстырмайтын «Темірқазыққа» қарап, қазақтар сапар шеккенде жол бағдарын анықтайды. «Темірқазықты маңдайға ал» немесе «Темірқазық сол иығыңда болсын» деп жолаушыға жол сілтеген. Дегенмен, аспан әлемінің бізге беймәлім, әлі де сыры ашылмаған құпиялары жетерлік сияқты...
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісіменРыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
ӘлияНовосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники,Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.