ответ:Мен саяхаттағанды ұнатамын. Мемлектіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін.
Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың тұмса сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Мұндағы табиғат, ауа райы, бәрі де тамаша.
Ал Астана мен Жезқазған, Семейде бір салқындық бар. Қысы суық, жазы салқынырақ екен. Десе де адамдарының мінезі жайсаң, жарқын. Қай жерде болсын құшақ жая қарсы алып, сый-құрметке бөледі.
Маған өз елім, елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық.
Объяснение:
Объяснение:
жоғары білім біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. бұл еліміздің дамуы үшін де маңызды. университеттер мен институттарда студенттер мұғалім, инженер , дәрігер, сәулетші және т.б. болуға үйренеді. Қазақстанда жоғары білім алу үшін орташа жас 17 жас. Студенттер орта мектепті немесе колледжді бітіргеннен кейін университетке түсе алады.
Біздің елімізде көптеген жақсы университеттер бар.Жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарына 100 мыңнан астам мектеп түлектері түседі. Бүгін Қазақстанда 200-ге жуық жоғары оқу орны бар
Бірінші Қазақстандық университет Алматыда 1928 жылы "Қазақ мемлекеттік университеті"деп аталды.
Әрбір адам өз мүмкіндігін бағалай білу керек. Қолынан келетін істі барынша сапалы істеген, қолынан келмейтін істі бастап, аяқтай алмай тастағаннан артық. Мысалы: Айдос өте өзімшіл бала, ол өзінің қолынан келмейтін іс жоқ деп ойлайды. Осы мінезімен қаншама рет жұрт алдында күлкі болды. Оның досы өте іскер бала, Айдос оған қызғанышпен қарайды. Бір күні досы ағаштан әдемі домбыра жасайды, оны ұстаз жоғары бағалап, мақтайды. Айдос оны бәрімізде жасай аламыз, онда тұрған не бар екен деп дауласады. Ұстаз оған сол тапсырманы бергенде, Айдос домбыра тұрмақ, сол домбыраға арналған ағаштан қасықта шығара алмай күлкі болады. Міне, әлін білмес әлек,- деген осы жерде орынды болып тұр.