Ескерткіш–
кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды
Неліктен қазіргі уақытта дұрыс тамақтанудың қажеттілігі соншалықты өзекті? Өйткені біздің өмір салтымыз «қате» болып кетті. Күннен күнге денсаулығымызға қолайсыз экология, қоректік заттардың жетіспеушілігі, күйзеліс пен аурулар әсер етеді. Егер толық тамақтануға уақыт болмаса, гамбургер немесе тез дайындалатын кеспе жеуге тура келеді. Бұл асқазан ауруларына, артық салмаққа және қан қысымының бұзылуына әкеледі.
Біз физикалық еңбекпен айналыспайтындықтан және көп уақытымызды кеңседе тұрақты күйде өткізетіндіктен, көбіміз жаттығу залына барамыз. Дұрыс тамақтану мен жаттығулар бізді сау етеді және өзіне деген сенімділікті арттырады.
Дұрыс тамақтану әдетке айналуы үшін белгілі бір уақытта тамақтану керек. Егер сіз бір мезгілде таңғы ас, түскі және кешкі ас іше алсаңыз, онда сіз уақытты тиімді басқарасыз, жиналған және өнімді.
Сапалы тамақтану әдеті сіздің бюджетіңізді үнемдейді. Химиялық қоспалар мен консерванттар көп мөлшерде болатын тәттілерге қарағанда жемістер мен көкөністерді сатып алған тиімді.
Қандай тағамдар пайдалы, ал қайсысы пайдалы емес? Түрлі тәсілдермен диетологтар бір нәрсеге келіседі - май, қант пен тәттілерді барынша азайтып, көкөністер мен жемістерді көбейту керек. Және, әрине, сіз жартылай фабрикаттар мен фастфудты шектеуіңіз немесе толығымен тастауыңыз керек.
Солдат Шинелі
Советтер Одағының Батыры Қадыран Туғанбаевқа
Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,
Өрт кешіп талай хутор, селендерде,
Жасқанбай жауған оққа қарсы ұмтылып,
Сен кешкен жүздік дүлей өзендерде.
Тобырсып тобығымнан сорғалап су,
Сіресіп сыртында мұз,
Бұрқырап бу,
Жат жерлікті жапыра ілгері озып,
Кезекті ердің үстіне орнаттық ту.
Кейде жаудың сыртына кеттік өтіп,
Төкседе оқ боранын нөсерлетіп,
Жел қағып желкілдеген етегіңді
Минаның жарқыншағы жатты тесіп.
Жерім жоқ бас сауғалап, жан қорыған,
Кейде "тіл" алып қайттық жау орынан,
Жүзім суық,
Түсіндей сұрғылттанды,
Көзімде түн күзетіп жол торыған.
Көзіне батыл қарап сұм ажалдың,
Сескенбей мен әрқашан алға бардым,
Солдаттық көкрегіме қалқан боп сен,
Жүрегімді қатерден қорғап қалдың.
Жүргенде намыс отын оқпен көсеп,
Болдың сен әрі жастық, әрі төсек,
Көзге ұйқы тығылса қар үстінде
Қалғыдым етегіңді астыға төсеп.
Автоматты төсіме қысып жардай,
Жата кетсем бүрісіп бойым жазбай,
Денемді сен қыздырып сала бердің,
Жардың жібек көрпесін жамылғандай.
Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,
Жүзерміз әлі талай өзендерде,
Жат жерлікті жайратып, азаттықтың
Тігерміз туын талай селендерге.
Ворошиловград, 1943