Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар.
Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері—пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.
Пингвиндер Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Батыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен және қанатының жәрдемімен жартасқа, немесе мұзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде ая-ғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска- лармен қоректенеді.
Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жағалауында көзілдірікті пингвиндер (Sрһепіsсиs сіетегзиз) тір-шілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері (Аріеподиtеs ра-tасһопіса) деп аталатын, денесінің ұзындығы 90 см (110 см-ге дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі.
Пингвиндердін, айта қаларлықтай кәсіптік маңызы жоқ.
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері—пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.
Пингвиндер
Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Батыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен және қанатының жәрдемімен жартасқа, немесе мұзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде ая-ғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска- лармен қоректенеді.
Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жағалауында көзілдірікті пингвиндер (Sрһепіsсиs сіетегзиз) тір-шілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері (Аріеподиtеs ра-tасһопіса) деп аталатын, денесінің ұзындығы 90 см (110 см-ге дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі.
Пингвиндердін, айта қаларлықтай кәсіптік маңызы жоқ.