Қазақстан - Отаным
Туыстарым, туған үйім мен үшін,
«Отан» деген - жылы ұям , кенішім.
Қарт әжемді , тіпті кейде бейтаныс,
Сыйғызамын осы сөзге , ел ішін.
Туған жер деп соғатытынын жүректің,
Сезген кезде шынайы бір дір еттім.
Ой- санамда қайнап жатқан сезімді,
Арнау етіп, Отаныма жыр еттім.
Жер жаннаты – Жетісуым керемет,
Көктемменен жамылады жер желек.
Қозы – лақпен түкті кілем үстінде,
Балалықпен мен де жүрем еркелеп.
Тамсанамын туған жердің көркіне,
Сені бізге ырыс-құт қып берді ме?!
Қазақстан - ұрпақтарға арман боп
Жеткен елсің , Тәуелсіздік сертіне!
Атау септік мемлекет, азамат
Ілік септік мемлекеттің, азаматтың
Барыс септік мемлекетке, азаматқа
Табыс септік мемлекетті, азаматты
Жатыс септік мемлекетте, азаматта
Шығыс септік мемлекеттен, азаматтан
Көмектес септік мемлекетпен, азаматпен