Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Сәукеленің күлкісі
Объяснение:
Көзіне құйылған ащы терді күйелі саусағымен анда санда бір іліп тастап Балқия — кәдімгі айнамкөз аталған Балқия келе жатты. Ол, заводтың іргесіндегі жер үйлерден өте бере, талай таныстарына кездесті, «соға кетуін» өтінген талай жылы сөздерді де естіді, бірақ ешқайсысына бұрылған жоқ. «Темірім жылап қалады ғой»,— дегеннен басқа сөз де айтпай кете берді.
Үйі қаланың шеті барып тірелген таудың етегінде еді, соған жетпей тоқтайтын емес. Тоқтамасқа әлі жоқ, әл жоқ болса да тоқтайтын түрі жоқ.
Оның қалжырағандығы сондай: иығындағы зілдей күрекпен бірге теңселіп, тербеліп келеді. Ол отызға әлі жетпеген жас болса да, өңінің тайғандығы сондай: қабығымен қатқан қара ағашқа ұқсайды, тек жанары үлкен нұрлы көзінің оты ғана жайнай түскендей.
Оның көк желкесінде булыға шыққан түтінін қазақ елінің ашық аспаны мен өр намысына бүркіп ағылшындар салған заводтың қара мұржасы тұр. Ол Арқаның өр кеудесіне қанжардай қадалып елу жылдан бері құламай тұрғанына қара қошқыл түтінін ауық ауық түйдегімен лақылдатады. Балқияның кеудесінен шыққан жалын сол қара қошқыл түтіннен де кесек.
Бұл — бірі мен бірі жалғаса, иін тіресе салынған жер үйлердің мұржасынан көк ала түтін қаптап ұшатын кешкі шақ еді. Завод мұржасынан шыққан қою түтін жоғарыдан сорғалап көп жер үйлердің төменнен көтерілген әлсіз түтінін іліп алып алысқа әкетіп жатқандай, бірақ, бәрі қосылып қаптаса да қазақтың кең даласын баса алатын емес, асқар тауынан аса алмай көк тұманданып төскейде тұнып тұр.
заводы Соран шоқысының күнгей жақ бетіндегі бір кішкене сайдың ішінде болатын. Сол сайдың өр жырасында ондаған жер үй бар. Завод иелерінің бес алты үйлерінен шыққан түтіні барлық жер үйлердің түтінінен басым, Балқияның көзі соған дейін еді, «өзі тоқтың түтіні де тоқ» деген осы екен ау,— деді ішінен. Ол аштық пен тоқтықты ойлап келе жатып үйіне жеткенін де білген жоқ.
Иә, күн шыға кеткен үйіне Балқия да жетті, шығандап барып ұясына күн де батты. Оның үйі қаңылтыр мұржасы мен тақтай есігінен басқасы аюдың үңгіріне ұқсас бірдеңе еді. Таң сәріден тұрғандар ғана сол қаңылтыр мұржадан шыққан түтінді көретін де, қайсы бірі: «Байғұс Сайдақтың өзі кетсе де оты өшкен жоқ»,— деп шүкірлік ететін.
Сайдақ өткен жылы бір ағылшынның көзін шығарғаны үшін айдалып кеткен еді, сонан әлі қайтқан жоқ. Кеткеніне сегіз айдан асып барады, сонан бері нақтылы хабар да жоқ. Оның артында қалған әйелі осы Балқия мен бес жасар баласы Темір. Ол екеуін Қазыбек дейтін Қарағандыдан осы көшіріп әкелген-ді. Қаңылтыр мұржадан шыққан түтінге де шүкіршілік ететіндердің бірі де, осы жер үйшікті салып берген де сол Қазыбек болатын.
Балқия үйіне жетсе де, ішіне кіре алмай тәлтіректеп барып босағаға отыра кетті, иығындағы зіл көтерем күрегі де ұшып түсті.
Аз дамылдап алды да:
— Темір! А, Теміржан! Кел, балапаным! Мен саған тоқаш әкелдім, келе ғой,— деді ол көкірегін жалын қанша кернесе де көтеріңкі дауыспен.