Жаз
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- щіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтар болды
Объяснение:
Менің туып, өскен ауылым – Шағатай. Мен осы ауылда дүние есігін ашып, тәтті балалық шағымды өткізіп келемін. Ауылыммен әрдайым мақтанамын. Себебі, табиғаты қандай әсем десеңші! Ауылдың мақтанышы, табиғатқа көрік беруші сылдырап аққан Бабырау суымыз бар. Бабыраудың табиғаты өте көркем, суы тұп-тұнық, мөлдір, жасыл шөппен әсемделген керемет бейнесі бір картинаны суреттейді.
Мен тоғайға барып демалғанды жақсы көремін. Жаз мезгілінде отбасымызбен жиі тоғайға барамыз. Бабырау көліне шомыламыз. Күн көзіне қыздырынып, керемет бір әсерге бөленеміз. Осындай демалыс орнының бары көңілді қуантады. Алайда, әттеген-ай соңғы кездері көлімізді күтіп-баптауға көңіл бөлу азайып барады. Табиғат аясына демалуға келген демалушылар тазалық сақтамауда. Қағаз қалдықтары, ішкен судың пластикалық бөтелкелері, қоқыстары шашылуда.
Табиғат ананың байлығын қорғауымыз керек. Су –тіршілік көзі емеспе? Оның да таусылатын уақыты болады ғой! Осыны ойлауымыз керек.
Бабырау көлін қорғауға, күтіп-баптауға ат салысайық деп үндегім келеді.