Денсаулық зор байлық.
***
Тазалық — саулық негізі.
***
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
***
Басы аманның малы түгел.
***
Аурудың алдын ал.
***
Демі бардың емі бар.
***
Жаман ауруға жақсы ас.
***
Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
***
Көкірек ауру күле кетер.
***
Тұмау аяғы құрт,
Тұман аяғы жұт.
***
Ауру аздырады,
Суық тондырады.
***
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
***
Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
***
Ауру астан,
Дау қарындастан.
***
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
***
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
***
Айналдырған ауру алмай қоймас,
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
***
Сіңбес астың бөгеуі көп.
***
Шықпаған жаннан үміт ет.
***
Жанымды алмаған ауру,
Жанымның садағасы.
***
Олақтан салақ жаман.
***
Шірік шірітеді,
Бұзық бүлдіреді.
***
Шірікке шыбын айналар.
***
Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
***
Ас — елдің құты.
***
Ет етке, сорпа бетке.
***
Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.
***
Ас астың орны басқа.
***
Айран ішсең ас болады.
***
Шымырдың сезімі сергек.
***
Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.
***
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
***
Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.
***
Сергектің сенімі нық.
***
Ас адамның арқауы
Денсаулық – зор байлық.
Здоровье – клад бесценный.
2.
Жарлының байлығы – дененің саулығы.
Богатство бедняка – его здоровье.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса жан тәтті.
Пока здоров – добро дорого,
заболеешь – жизнь дорога.
Емнің алды – еңбек.
Труд – первое лекарство от всех болезней.
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Чистота – основа здоровья,
Здоровье – основа богатство.
Денің сау болса,
Жарлымен деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Когда друзей много, не говори об одиночестве;
Когда здоров, не говори о нужде.
Шынықсаң – шымыр боласың.
Если будешь закаляться – будешь здоровым (крепким).
Тәнi саудың жаны сау.
Здоровый телом и духом здоров.
Қазақ тілі қандай тіл?
Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай тіл, шұрайлы тіл, тегеуріні мықты тіл, көркем тіл, дана тіл, сұлу тіл, рухани бай тіл, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!