Білім.
Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу - қоғамда өз орнын табудың кепілі.
Соңғы жылдары өмір бойы білім алу концепциясы аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр, себебі оқу үшін ешқашан кеш емес, тек талпыныс болса болғаны. Қазір адамды киген киімі бойынша емес, басындағы білімі арқылы бағалайды. Білімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны анық.
Абай, Ыбырай аталарымыз да жас ұрпақты білім алуға шықырып, білімді болуды насихаттаған болатын. Міне, осы аталарымыздың жолын жалғап, білім алудан жалықпайық, достарым!
Аяқ – ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.
Аяққап – киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс.
Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.
Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.
Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттары да ағаш түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Алайда осынау қолөнерімізді жоғалтып алғанымыз рас. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бүгінгі күнге қайта жетті. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының атауларын ұсынамыз.