Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті
Өмірге келгенде,көзіңді енді ашқанда көретін адамың-ана. Сенің қамқоршың да,жанашырың да,ұстазың да,досың да -ана. Ана дегенде кімнің көңілі елжіремеген,жүрегі жылымаған? Шыр етіп дүниеге түскен уақытыңда түн ұйқысын төрт бөліп,сені әлдилеп ұйықтататын да-ана. "Күннің сәулесі -жылы,ананың құшағы-жылы" дейді қазақ. Иа,ана өмірдегі ең асыл,оның сезімдерінде шеек жоқ. "Ананың көңілі -балада" демекші ана әрдайым өз баласын ойлайтын да,уайымдайтын да жан.Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаңда парызын өтей алмайсың , Жұмаққа жол ананың табанының астында деп бекер айтпаған.Ананың еңбегі орасан зор.Анаңның ақ сүтімен адам боласың ғой,олай болса ананың шашына ақ түсірмей мәпелеп,алақаныңа салып аялауың керек.Әлемдегі ең ьерік махаббат,ананың баласына деген махаббаты. Аналарымызды аялайық!