Ұлттық ұстаным мен перзенттік парыз, ақындық мінез бен азаматтық міндет елдің тағдыры сынға түскен кезде айқын байқалатыны белгілі. Әсіресе, бұл ұғымдар қазақ елін отарлаушылар билеген дәуірді жырлаған өлең-толғауларда нақты көрініс тапты. Соның ішінде зар заман әдебиетінің айтулы өкілі, ел мен жер тағдыры, ұлт пен жұрт ахуалы жөнінде ой толғаған Мұрат Мөңкеұлы жырларының орны бөлек.
Ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай» толғаулары – қоныстың құтсыздығына налып, көшкен жұрттың хал-ахуалын шынайы бедерлеген біртектес дүниелер. Бәрінде де көшпенді ел өмірінің қайғы-мұңы айтылған. Бірақ бұлар – ауыз әдебиетінде ежелден бар дәстүр бойынша көштің сән-салтанатын асырып, керуеннің мал-мүлкін, керемет жасау-жабдықтарын мадақтайтын өлеңдер емес, көшкен елдің жұртын сағыну сарынындағы толғаныстар. Үш шығармада да біркелкі сурет: иесіз қалған жер, амалсыз қоныс аударған ел, жақсылардың табаны тиген жайлау мен жайылым, сай-сала, енді қайтып оралмас қимас дәурен… Ақын осының бәрін еске алып, өзегі өртеніп тұрса да, мұндай жерді халықтың мекендеп қалуына қайлы емес. Сонымен, Мұрат антиутопиясының түпқазығы – «адыра қалғыр, қайырсыз қоныс» десек, мұның себебін ақынның өзі былайша тұжырымдайды;
Қайырсыз неге десеңіз,
Асан Қайғы, Қазтуган,
Орақ, Мамай, Телағыс,
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз
Артық па едік олардан?!
Объяснение:
это привельно поставь лайк и оценку
Бес жасар Бейсенбай азанда ерте тұрып, бақшадан екі-үш бәдірен үзіп алып, дәу тамның артындағы әткеншекке жайғасты. Кенет әулінің дарбазаға тақау бұрышындағы тауық кепеден біресе мекиеннің, біресе қораздың жарыса шыққан дауыстары естілді. Ол әткеншектен секіріп түсіп, солай қарай тұқым алуға беттеді.
Азан – таңертең
Бәдірен – қияр
Дәу – үлкен
Там – үй
Әулі – аула
Дарбаза – қақпа
Кепе – күрке, тауық қора
Мекиен – тауық
Тұқым – жұмыртқа