Қазақстанымыздың көрікті жерлері өте көп. Атап айта кетсек:Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы,өте әдемі қала.
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп.
Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Каспий және Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша 3-орында. Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады.
Еліміздің көрікті жерлері бұнымен тоқтап қалған жоқ,тағы да басқа әдемі жерлер жетерлік.
ответ:
қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақ тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
бұл күн - әрбір қазақстандық үшін отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
баршаңызды 1 мамыр – қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!