Қазақ отбасындағы бата беру дәстүрі.
Қазақ халқы туралы айтқанда ойымызға бірден қонақжайлық пен бата беру ұғымдары келеді.
Халқымыз ақ батаға үлкен мән берген. Бата сұрау/ бата беру дәстүрі әлі күнге дейін өз мағынасын жоғалтаған салт-дәстүрдің бірі. Дана халқымыз батаға үлкен мән бергендігін "Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер" деген мақалынан түсінуге болады.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілік пен имандылыққа, әдептілік пен шешендікке баулыған. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Әдетте жасы үлкен, елге сыйлы қариядан қол жайы, бата сұрайды. Үлкен кісілердің берген батасы қабыл болады деп сеніп, қарттардың көңілін табуға тырысады.
Қазіргі таңда ақ батаның шығу тарихы толығымен зерттелген жоқ. Жалпы батаның келесідей түрлері болады:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
Қыс – күзден кейін келетін, жылдың ең суық мезгілі. Күнтізбе жүйесі бойынша Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан қыс айлары болып саналады. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болып, Үркер жұлдызы көкке өрмелеп жоғары көтерілген сайын суыта түседі. Қыс мерзімін халқымыз өзінше бағалап, өз тұрғысынан сипаттап келеді. Осы тұста қыстың бейнесін тірі жанға балаған Ұлы Абайдың мына өлең шумақтары еріксіз тіл ұшына оралады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл мезгілде болатын табиғи құбылыстардың бірін қалдырмай аса көркемдікпен суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың және Ілияс Жансүгіровтің төмендегі өлең жолдары қыстың қатал мінезін көз алдымызда жандандырып тұрғандай:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар. Қызыл шұнақ қызыл бар. Суда айна тас мүсін бар, Қылаулатқан қырау бар.
Сәлем
Қандай сенде сүйікті жыл мезгілі?
Менің сүйікті жыл мезгілі - қыс
Неге?
Мен ойнағанды жақсы көремін, снежки, мүсіндеуге ақшақар. Ал сенде?
Мен де қысты жақсы көремін
Неге?
Қыста тойлайды тамаша мереке - жаңа жыл! Бәрі әдемі! Ал, қыста бізде туған күн!
Әзірге!
Әзірге!