Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.
Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде дүниеге келген. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң ақын Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. 1923-1927 жылдары Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етіп, үлгі алады. 1893-1938.