Табиғат туралы диалог құрастыру.
Асланбек: Аға, «табиғат пен адам егіз ұғым» дегенді қалай түсінуге болады?
Мейрамбек: Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз.
Асланбек: Жалпы, табиғат деген не?
Мейрамбек: Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Асланбек: Неліктен табиғат адам өмірінде ерекше орын алады?
Мейрамбек: Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Асланбек: Сіздің ойыңызша, табиғатқа тіл бітсе, не дер еді?
Мейрамбек: Менің ойымша, табиғатқа тіл бітсе, бір жағынан табиғат өзін қастерлеп, аялап, оған күтім жасайтын адамдарға өз ықыласын білдірсе, енді екінші жағынан осы тіршілік көзін ластап, салдыр - салақ қарағанына қынжылап, киналар еді деп ойлаймын.
Асланбек: Табиғатты таза ұстап, аялау үшін не істеу қажет?
Мейрамбек: Ең алдымен, жүрген жерінде қоқыс шашпау керек. Тал түптерін әктеп, жаңа ағаштар отырғызуға ат салысу керек. Суды үнемдеу керек.
Сəлем
Қалың қалай ?Қыс мерзімі қалай өтіп жатыр ?
Жақсы ,қыс та салқын болғанымен бізге жылу қабақ танытуда.Алда Универсиада.Сол Универсидаға барып осы қыстан бір есте қалатындай қысқы ойындарды көремін.Менде артық бір билет бар,менімен баруға қалай қарайсын?
Жақсы мен келісем.Негізі менің де барғым келген,алайда билет таусылыпты.Соған қарағанда елде қысқы спорттың жанкүйерлер көп екені ғой