Менің ойымша сүйіспеншілік айналамызға,жақындарымызға жалпы айтқанда әлемге махаббатпен қару,адамдарға қуаныш сыйлау,қамқорлық жасау.Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам ол бақытты жан,себебі, ол жамандықтың не екенін білмейді.Тек жақсы нәрселер ойлап,игі істер жасап,өмірді жақсы жағынан таниды.Жүрегі сүйіспеншілкке толы адам күн секілді.Күннің әлемге шуақ шашып,мейірімін төгетіні бәріне мәлім,сол сияқты жүрегінде сүйіспеншілігі мол адамдарда өмірімізге жарық күн сияқты еніп,жанымызды жылытады,өмірімзге сән береді.
Барлық нәрсенің бастауы сүйіспеншілікте.Мәселен сіз бір істі қолға алып,оған бар сүйіспеншілігіңізді төгіп,ықыласпен істесеңіз сіздің қолыңыздан тамаша дүние шығады.Себебі сүйіспеншілікпен жасалған дүние ешқашанда жаман болмайды.Сүйіспеншілік жақсылықтың,бақытты өмірдің кілті.Егер әлемде сүйіспеншілік,махаббат сияқты сезімдер болмаса не болады?Оны ойлаудың өзі де қорқынышты.Ойлаңызшы,адамдар арасындағы сезімдер жоғалып,мына дүние тек жамандық пен алауыздықтар болса,өмір сүріп жатқан өміріміз нағыз тозаққа айналар еді.
Бұл әлемді ұстап тұрған сүйіспеншілік,содан-соң махаббат.Себебі сүйіспеншіліктен махаббат туады деп ойлаймын.
Жүрегіңізді жамандыққа емес,сүйіспеншілкке толтырыңыз.Жаныңызға тек жақсы адамдар жинап соларға күн секлді өзіңізді шапағатыңызды ,мейіріміңізді төгіңіз.
Бастысы,жүрегіңіздегі сүйіспеншілікті жоғалтып алмаңыз.Ең маңыздысы сол.Бұл өмір сіз ойлағаннанда әлдеқайда керемет екенін көресіз.Сүйіспеншілік күн сияқты сол күніңізді жоғалтып алмаңыз,әйтпесе сол жарық берер күніңізден қапыда қалып,қараңғыда адасып қалуыңыз мүмкін.
Қазақстанның көрікті жерлері.
Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.