М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Мессалина1
Мессалина1
14.03.2023 14:50 •  Қазақ тiлi

Диалогті толықтырып өзара сөйлесіңдер. 25 . - ? - қыс ө ң сүйікті жыл мезгілдерінің бірі - ? -өйткені қыста жаңа жыл мерекесін тойлаймыз - ? - мектеп жаңа жылға арналған плакаттармен әшекейлермен безендіріледі - ? - иә мектеп ауласы да өзгереді мектеп ауласында ғажайып шырша пайда болды ол да ойыншыңтармен безендірілген - ? - .жаңа жыл мерекесі ертелгілер жұмбақтар тосынсыйлар және сыйлықтар мерекесі!

👇
Ответ:
тимур370
тимур370
14.03.2023
-Кай мезгіл балалардың сүйікті мезгілі?

-Не үшін олай деп ойлайсың.?

-Мектеп не мен безендіріледі?

-Мектеп ауласы өзгереме?

-Жаңа жыл қандай мереке?
4,4(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PhoenixStep
PhoenixStep
14.03.2023
«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақобасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер,мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
4,4(33 оценок)
Ответ:
rrrrrrrrrrrrrrrrt
rrrrrrrrrrrrrrrrt
14.03.2023

Ата – ана туралы диалог құрастыру.

Аспандияр: Сенің өміріндегі ең қымбат, асыл жандар кім деп есептейсің?

Еркебұлан: Менің ойымша, адам өмірінде қымбат та, асыл жандар жетерлік, бірақ солардың ішінде тек біреуін ғана атап, қалғандарын бөліп тастау мүмкін емес секілді, себебі жүрегімізде әрбір жанның алар орны ерекше.

Аспандияр: Дегенмен, кімді атап өтер едің?

Еркебұлан: Кімнен сұрамасақ та, ең әуелі барлығымызға АНА қымбат деп ойлаймын, себебі аналарымыз біздерге жарық дүние сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі. Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.    

Аспандияр: Ия, дұрыс айтасың. Кімге болса да, ең әуелі ата – ана ыстық, қымбат. Анамыз бізге жарық дүние сыйлап, әкемізбен бірге бізді бағып – қағып, осы күнге жеткізді.  

Еркебұлан: Біздің ата – ана алдында үлкен парызымыз бар. Ол дегеніміз берген тәрбие мен үлгі – өнегесіне құлақ асып, бізге артқан үкілі үміттерін ақтау, «мынау кімнің баласы, көргенсіз екен» деген сөздерден аулақ болу.

4,6(79 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ