Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
Менің туып, өскен жерім –Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім-Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самған, өмір сүріп жүрген қазақтарым.
Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлт мақтанышы. Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран. Туда бейнеленген көк түс-көгілдір және ашық аспанымыз, ал, қыран біздің бейбіт, самғап ұшып жүрген бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «Қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран-әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ!
Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын! Қазақ болғаныма қуанамын!